"Құдайдың аманатына қиянат". Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады
ҚМДБ басшысы имамдарды әлеуметтік желіде бір-бірін сынағаннан гөрі, қателіктің алдын алуға шақырды.Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.
"Қазір TikTok-та тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса, бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың бәрін діни басқарма бақылай ма?" деп сұрады жүргізуші.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
- "Балаға зиян тигізу дұрыс емес". Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты
"Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде, иә, шатасып та жатады. Бірақ, шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. "Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болсаңыз, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар" деп ескертіп отырамыз. Халыққа Алланың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең дұрысы – білмегеніңді "білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін" деу", – деп айтты Наурызбай Тағанұлы.
Оның сөзінше, имамдар діни басқармаға шақырылып, оларға насихат жүргізіледі.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылғы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді
- Рамазан айындағы підия мөлшері 2023 жылға 3 мың теңге болып бекітілді
"Болмаса, біздің наиб-мүфтилеріміз, уағыз-насихатқа жауапты азаматтар өңірлерге барған кезде қателескен дін қызметкерлері болса, жолығып, насихат жұмыстарын жүргізеді. Әйтпесе, елді, жамағатты шатастыру – күнә. Ал имамдар бірін-бірі әлеуметтік желіде сынағаннан гөрі, қателікті ушықтырудан гөрі, алдын алып отырған дұрыс", – деп түсіндірді бас мүфти.