Қостанайда студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі – "а-PVP" тәркіледі.Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ІІМ.
ІІМ-нің мәліметінше, полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстады.
Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған.
"Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі – "а-PVP" тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Қара нарықта алынған партияның құны шамамен 100 миллион теңгені құрайды. Полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаның жіберілуіне жол бермеді", – делінген хабарламада.