Қостанай облысы Құсмұрын ауылындағы мектептің 10-сынып оқушысы жақ сүйегі мен мұрны сынған, миы шайқалған және басқа да жарақат апған күйде ауруханаға түсті. Оны 11-сынып оқушысы соққыға жыққан. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтары" басылымы жазды.

Полиция қызметкерлері "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша отқа дейінгі тергеуді бастады. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жанжал мектеп оқушысының бопсалауынан басталған. Полиция бұл нұсқаны тексеріп жатыр.


Оқи отырыңыз: Абай облысының оқушысы қойшы жұмысын жеңілдететін автоматты жоба әзірледі


"6 қазанда Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентіндегі №2 мектепте 10 және 11-сыныптың екі оқушысы арасында жанжал шығып, бір оқушы екінші оқушының денесін жарақаттаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мектеп ішінде орнатылған бейнебақылау камераларының бейнежазбалары алынды", – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.