Қошанов Үкімет басшысы қызметіне Олжас Бектеновті ұсынды
Президент ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.Ерлан Қошанов мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Aqorda.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды", – делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді