Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494–499 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 494,87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,91 теңге. Еуро — 520,65.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 520,5—525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 520 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,89-5,02 аралығында саудаланып жатыр.