Қонаевта ыстық су белгісіз мерзімге дейін өшірілді, деп хабарлады қала әкімдігі.

"7 қыркүйектен бастап, 2023-2024 жылдары жылыту маусымының үзбей берілуі үшін қазандық жабдығының негізгі объектілерінде, бекіту арматурасын ауыстыру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ыстық су беру тоқтатылады. Ыстық су қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірден беріле бастайды", – деп жазды "Жылу Орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Әкімдік қала тұрғындарынан жасалынып жатқан қажетті шараларды түсініп, автономды ыстық су көзіне көшуге дайын болуларын сұрайды.


Оқи отырыңыз: Жылу беру маусымына дайындық: Нені ұмыттыңыз, бірге тексерейік.


Сондай-ақ, жылыту маусымы басталғанға дейін жылудың және ыстық судың берешегін өтемеген үйлер жылытуға соңғы кезекте қосылады.