Қазақстанда қоғамдық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1 мың теңгеге артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасында жазылған.

"Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақыдан аз емес мөлшерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді", – деп жазылған жобада.

Қазір бұл 20 жиырма айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде беріледі. Ол биыл 69 мың теңгені құрайды, ал бұл ең төменгі жалақыдан аз. Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы – 70 мың теңге.


Оқи отырыңыз: Жалақысы 160 мың теңге адам қанша зейнетақы алады? Жауаптың екі нұсқасы бар


Сонымен қатар бұйрық жобасында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен кәсіптік оқудан өткен адамдардың жалақысы субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде ең төменгі жалақыны құрайтыны жазылған. Бұл төлемдер де қазір 20 АЕК, яғни 69 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, құжат 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.