Рустем Ашетаев: Қор қаржысын солтүстікке "ұлы көшке" бұрайық
Солтүстік өңірлерде қазақтардың үлесі 30%-дың шамасында.Шымкенттік қоғам белсендісі Рустем Ашетаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына түскен қаржының бір бөлігін елдің солтүстік өңірлерін қазақыландыруға жұмсауды ұсынды.
"Бұған дейін қанша адамның көшіп келетінін тек сол жақтың жергілікті әкімдері шешіп келген. Соғылатын үйлер мен кәсіп ашулары үшін бөлінетін қаржыларды бюджеттен алатын. Осы қорға түсіп жатқан қаржыларды пайдаланып неге солтүстікті қазақыландырып алмасқа?" – деп жазды Рустем Ашетаев.
Оқи отырыңыз: Стратегиялық ойлауды ұмытпасақ екен
Оның мәліметінше, солтүстік өңірлерде қазақтардың үлесі 30%-дың шамасында. Әр өңірдегі қазақ санының әртүрлі болуының кесірінен қазақ тілінің де мәселесі толық шешілмей келе жатыр.
"Егер алдағы 5 жылда солтүстігіміздегі қазақтардың үлесін 70%-ға жеткізе алсақ, онда қазақ тілінің мәселесі өздігінен шешілер еді. Әрі солтүстігімізде сепаратизм қауіпінің алдын алып, бір оқпен екі қоянды алар едік", – дейді қоғам белсендісі.