Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі "Тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің тегіне өтуі керек пе?" деген сұраққа жауап берді. 

Діни басқарманың пәтуасына сәйкес, тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес.

Басқарма ғұламалары мұны Құран кітабындағы "Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол" деген аятпен түсіндірген. 

"Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Өйткені Құранда: "Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі" деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр", – делінген ғұламалардың түсіндірмесінде. 


ҚМДБ өзге пәтуалары мен шешімдері: