Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігіне қарасты Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылында болған жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұрынғы намазханада болған жарылыс кезінде үш адам қайтыс болған еді. Оның бірі – 12 жастағы бала. 

"Жарылыс болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды, себебі, жаңа мешіт салынды. Жаңа мешіт салынған соң ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген. Ас берілетін орынды ауыл тұрғындары өз араларынан жауапты адамдарды сайлап астар беруді ұйымдастырып жүрген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері ас беру және ұйымдастыруға ешқандай қатысты емес. Қазіргі мешітпен жарылыс болған ғимарат екеуі екі бөлек мекен жайда орналасқандығын хабарлаймыз", – делінген діни мекеменің хабарламасында. 

Еске салайық, ғимараттағы жарылысқа газ-ауа қосындысы себеп болған. Құтқарушылар жарылыс болған ғимараттары 6 газ баллонын алып шықты. 


Оқи отырыңыз: Три человека погибли от взрыва в здании бывшей мечети в Акмолинской области