"Қазақтелеком" акцияларының 28,8 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылады
Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясы республикалық меншікке беруді ұсынған.Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 пайызын мемлекеттік меншікке қайтару туралы қаулы қабылдады.
"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" АҚ жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", – делінген қаулы мәтінінде.
Сондай-ақ,"Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.