"Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтаратын заң жобасын Сенат мақұлдады
Бұл – әдебиет саласындағы ең жоғарғы атақ болады.Сенат тиісті заңды мақұлдады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл атаққа бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері немесе әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанғандар үміткер бола алады. Халық жазушысы атанғандар еңбекақыларына қосымша 17 954 теңге үстемақы алады.
Оқи отырыңыз: 24 жыл үзілістен соң "Қазақстанның халық жазушысы" атағы қайта беріледі.
Айта кетейік, 1984-1999 жылдар аралығында "Қазақстанның халық жазушысы" атағына 39 қаламгер ие болды. Олардың қатарына белгілі жазушылар Ғабит Мүсірепов, Қадыр Мырза Әлі, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықовтар бар.
"Егер ол адамдар мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын болса, онда тиісті төлем алады. Жұмыс істемесе – алмайды. Оның ешқандай қаржылық есебі қарастырылмаған", – деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.