"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -6...-8°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +6...+8°C.

Ақтауда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C. Облыс бойынша қар, көктайғақ күтіледі, түнде батыста және оңтүстікте қатты қар, боран, шығыста және орталықта тұман болжанады.

Ақтөбеде бұлтты, қар, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C. Күндіз орталықта және оңтүстікте қар, боран күтіледі, түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман болады.

Атырауда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C. Облыста қар жауады, шығыста және оңтүстікте боран, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C. Облыстың батысында қар, боран, көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -7...-9°C. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болжанады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -6...-8°C. Облыстың батысында және шығысында тұман күтіледі.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +2...+4°C. Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта көктайғақ, тұман күтіледі.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -6...-8°C. Түнде және таңертең батыста және оңтүстікте тұман болжанады.

Петропавлда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C. Күндіз солтүстікте және шығыста қар, боран күтіледі, оңтүстікте тұман болады.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -6...-8°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...+1°C. Орталықта және таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C. Түнде таулы аймақтарда, күндіз оңтүстікте, шығыста және таулы аймақтарда көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман болжанады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +5...+7°C. Оңтүстікте, батыста және таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -4...-6°C. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман болжанады.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C.