Қазақстанның батыс және оңтүстігінің кей бөлігінде алдағы үш күнде 43°С ыстық болады
Аймаққа Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массалары келеді.2021 жылдың 3-5 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Синоптик мамандардың болжауынша, батыс пен оңтүстікте қатты ыстық болады.
"Елдің батыс және оңтүстік аймағына Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массалары келеді. Онда 35-40°С, кей жерде 43°С ыстық сақталады. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", – делінген хабарламада.
Күндіз солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы 23-33°С-қа дейін төмендейді.