Қазақстанның 6 бірдей өңірінде кедейлер саны артқан
Кедейлік деңгейінің ең төмен мәні Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан) облыстарында тіркелді.Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2021 жылдың III тоқсанда 5,3%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4% төмен, деп хабарлайды naryk.kz сайты.
2021 жылдың III тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні келесі өңірлерде байқалды:
- Түркістан облысы – 9,5%;
- Маңғыстау облысы – 8,1%;
- Шымкент – 5,8%.
Ал ең төмені – Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан) облыстарында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылдың III тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық – 4,7, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,1 есені құрады.
Еске салсақ, Қазақстанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 20 пайызға көбейгені туралы хабарлаған едік.