Қазақстанға келгендер саны 87 пайызға өсті
2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13652 адамды, елден кеткендер саны 6996 адамды құрады.2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жазылды.
"Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдері арасында болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%", – деп жазылған хабарламада.
Жалпы, 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 899 377 адам. Оның ішінде 12 317 671 адам – қала, 7 581 706 адам – ауыл тұрғындары, 48,8% – ерлер, 51,2% – әйелдер.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәресте саны 9,5% азайды.