Қазақстандықтардың 52,2 пайызының басында үйі бар. Дәлірек жастардың 29,7 пайызы, орта және егде жастағы азаматтардың 75,5 пайызында. Негізінен 30-44 жастағы азаматтар экономикалық белсенді топқа кіреді. Аталған азаматтардың 50,7 пайызы қалада, 54,5 пайызы ауылда тұрады. Бұл туралы Freedom Finance Global зерттеуінде жазылды. 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 9,3 пайызының ғана жалға беретін қосымша үйі бар. Дегенмен олардың 45,6 пайызы ғана екінші үйін жалға береді. Екінші үйін жалға беретін азаматтардың басым бөлігі – жастар. Бұл жастардың отбасына материалдық ауыртпалық түсіргісі келмегенімен байланысты болса керек. Жалпы тұрғын үй нарығында қазақстандықтардың 4,2 пайызы ғана белсенді болып отыр. 

Басында үйі бар азаматтардың материалдық жағдайы:

  • табысы төмен – 52,2 %;
  • орташа – 53,2 %;
  • жоғары – 60,0 %. 

"Адамдардың 47,8 пайызының үй иесі емес екенін және оны жалға берушілердің саны шамамен 17 пайызды құрайтынын ескерген жөн. Бұл жалға берушілерге қарағанда пайызбен көп. Тұрғылықты жеріне байланысты жалға беру статистикасы келесідегідей: ауылдық жерлерде қосымша тұрғын үйдің 41,9 пайызы жалға беріледі, бұл қалалық жерлердегі көрсеткішпен пара-пар – 49,1%", – делінген зерттеуде. 

Қазақстандықтардың 62,7 пайызы әлеуметтік-демографиялық жағдайына және жасына қарамастан жекеменшік үйде тұрады. Облыстар бойынша пәтер иелерінің саны орта есеппен – 35,4%, ал республикалық маңызы бар қалаларда бұл көрсеткіш 59,2 пайызға дейін артқан. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 4,4% өсті: қай өңірлер көш бастап тұр?


Астанада тұрғын үй кешенінің 71,7 пайызын көп пәтерлі үйлер құрайды. Ал Алматыда – 55,8 %. 

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы тұрғын үйлердің жалпы саны 2 493 685 бірлікті құрады. Ішінде тұрғын үйлер – 2 182 144 (87,5%), көп пәтерлі үйлер – 311 541 (12,5%). Бұл көрсеткішті көп пәтерлі үйлердің көп жер алмайтынымен байланыстыруға болады. Өңірлер бойынша үй санының көптігі жағынан Түркістан облысы бірінші орында – 345,2 мың, ал ауылдық жерлерде – 266,3 мың. Республикалық маңызы бар қалаларды есепке алмасақ, Түркістан облысы ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлер саны бойынша бірінші орында, – делінген зерттеу мәтінінде. 

Қалалық елді мекендердегі жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша абсолют көшбасшы – Алматы: мұнда 140,8 мың жеке тұрғын үй (ЖТҚ жалпы санының 15,9%) және 27,5 мың көппәтерлі тұрғын үй (КТК жалпы санының 21%) бар. Жеке тұрғын үйлер саны бойынша екінші және үшінші орында Шымкент – 137,1 мың үй (15,4 %) және Түркістан облысы – 75,9 мың үй (8,5 %), көппәтерлі үйлер саны бойынша Қарағанды және Ақмола облыстары – тиісінше 17,4 (13,3 %) және 7,8 мың бірлік (6 %) көш бастап тұр.