Отандық компания зерттеуінің мәліметінше, Қазақстанда бағалардың жылдам өсуін күтетіндердің үлесі бір ай ішінде 24,6 пайыздан 30,2 пайызға дейін өсті. Бұл – 2022 жылдың желтоқсан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

"Келесі 12 айда бағалар 24,4 пайыздан 27,3 пайызға дейін қатты өседі деген болжам бар. Бұл зерттеу барысындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сондай-ақ сауалнама барысында қазақстандықтарды ет, құс еті, нан, нан-тоқаш өнімдері, сүт және сүт өнімдері бағасының шарықтауы қатты алаңдатып отырғаны белгілі болды. Қазақстандықтардың 32-35 пайызы қараша айында осы тауарлар бағасы қатты өскенін айтқан. Алайда бұл қазан айындағы көрсеткіштен 3% төмен", – делінген зерттеуде. 

Сондай-ақ FFG компаниясының мамандары ұнның жоғары сұранысты тауарлар қатарынан шығып, қазір көкөністер мен жемістерден кейінгі бесінші орында тұрғанын атап өтті. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылы елімізде такси бағасы қымбаттайды

Қазақстандықтардың девальвациялық күтулері сәл өсті және қыркүйек айында тіркелген ең жоғары деңгейге жақындады. Бұл қараша айында теңгенің 2% нығаюына қарамастан болып отыр, деп қосты мамандар.