Қазақстандықтар қандай әуе компанияларының ұшағымен жиі сапарлайды?
Солтүстік Қазақстанда бағалар бастапқы күйінде қалды.2021 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша, әуе кемелерінің қызметі бір жылда 8,7% өсті. Ал төрт өңірде өсім 15%-ды құрады, деп хабарлайды Finprom.kz сайты.
Бәрінен көп өсім келесі өңірлерде байқалды:
- Түркістан облысы – 30%;
- Қызылорда облысы – 22,9%;
- Маңғыстау облысы – 19,4%.
Қазақстанның 17 өңірінің ішінде Солтүстік Қазақстанда бағалар бастапқы күйінде қалды. Сондай-ақ, тағы үш өңірде бағаның төмендегенін көруге болады:
- Павлодар облысы – 12,7%;
- Батыс Қазақстан – 15,3%;
- Ақмола облысы – 22,5%.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында компаниялардың табысы екі есе өсіп, 265,7 млрд теңгені құрады. Оның 252,6 млрд теңгесі – жолаушылар тасымалынан келген. Қалған 13,1 млрд теңге жүк тасымалдаудан түсті.
2020 жылдың үш тоқсанында әуе компанияларының табысы 135,8 млрд теңгені құраған еді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда екі есе аз. Десе де, 2016-2019 жылдары аралығында елде әуе компанияларының табысы тұрақты түрде өсіп отырды.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында әуе компаниялары 6,9 млн адамды тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,5% көп. Еске салсақ, 2020 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы 40,4%, дәлірек 3,8 млн адамға дейін төмендеді.
Қаңтар-қыркүйек айларында әуе компаниялары 25 мың тонна жүк тасымалдады. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,8% көп.
2020 жылы қазақстандықтар ішкі сапарларға келесі әуе компанияларды таңдады:
- Air Astana – 70%, (оның 31%-ы FlyArystan әуе компаниясына тиесілі);
- SCAT Airlines – 24%;
- Qazaq Air – 4%;
- "Южное небо" – 2%.
Халықаралық сапарлар үшін:
- Air Astana – 46%;
- SCAT Airlines – 16%;
- Аэрофлот – 9%
- Turkish Airlines – 7%
- Flydubai – 5%.