Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі.

2025 жылғы наурызда Қазақстан азаматтары екі мемлекеттік мерекені атап өтеді:

  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
  • 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы

Демалыс күндерінің ауысуына байланысты ел тұрғындары қосымша демалыс күні беріледі.

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 14 күн демалады
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге – 10 демалыс күнін алады

Халықаралық әйелдер күні сенбіге түседі. Сондықтан демалыс 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. 

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 8, 9, 10 наурыз демалады
  • Алты күн жұмыс істейтіндер үшін – 8, 9 наурыз демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні

2025 жылы мерекелік күндер жұма, сенбі және жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі мен сейсенбіге) ауыстырылады.

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер – 21–25 наурыз аралығында (5 күн қатарынан) демалады
  • Алты күн жұмыс істейтіндер – 21, 22, 23, 24 наурыз демалады, 25 наурыздан бастап жұмысқа шығады

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда 119 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің саны бойынша ең "ұзақ" ай наурыз — 14 күн, ал ақпан мен сәуір 8 демалыс күндері ең аз болады.