Қазақстандықтар ішкі туризмнің басты 3 проблемасын атады
Респонденттердің 43,4 пайызы жол сапасының нашар екенін айтқан.Қазақстандағы егде жастағы саяхатшыларды елдегі туристік мәдениеттің төмендігі алаңдатады. Ал жастар туризм саласындағы қызмет сапасының нашар екенін атап өтті. Бұл туралы FFG компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
18 жастан асқан 716 тұрғын арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ішкі туризмнің 3 басты проблемасы аталды. Олар:
- жол сапасының төмендігі – 43,4%;
- сервис және қызмет көрсету сапасының төмендігі – 41,3%;
- туристік маршруттардың ыңғайыссыз болуы – 31%.
"55 жастан асқан респонденттер бірінші кезекте өздерін туристік мәдениеттің жоқтығы алаңдататынын айтып өтті. Жастарды бұл мәселе аса алаңдатпаған. Ал 35 жас төңірегіндегілер қызмет көрсету сапасының төмендігін атап өткен", – делінген зерттеуде.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 56,8 пайызы отбасымен бірге саяхаттағанды жақсы көреді – зерттеу
Ішкі туризмнің кедергілеріне келетін болсақ, бұл жерде сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы қаржылық мүмкіндіктің болмауынан (48%) Қазақстан тұрғындарының көпшілігі елге саяхат жасамайды деп есептейді.
Қазақстан бойынша саяхатқа кедергі келтіретін басқа себептер бағасы бойынша қолжетімді тұратын орындардың (33,4%), жайлы жолдардың (24,2%), сервистің тиісті деңгейінің (23,3%) және инфрақұрылымның (19,7%) болмауымен байланысты.