Бұл туралы ғылыми зерттеу жүргізіп, жариялап үлгерген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Деректерді өңдеу барысында 6 баллдан жоғары қарай алдық. Сонда 6 баллдан 9 баллға дейінгі аралықтағы мүмкіндікті қарастырдық. Сонда ол біз көрсеткендей 6 баллдан жоғары болып шықты. Сол жер сілкінісі ошағы біздің еліміздің территориясына әсер етті. Біздің көрсеткен жерлер ана Владивостокта және ең негізгі осы өзіміздің қазіргі солтүстік батыс Қытайда және Түркияда болған жерлер. Ол жерде нақты жасанды интеллект болса, уақытына дейін айтып береді. Модельдеріміз 80% дәлдікті көрсетсе, нақты уақытын 50% көрсетті. Соны жоғарылату мақсатында қазір қайтадан осы жұмыстың жалғасын істеп жатырмыз", – деді ғалым Марат Нұртас.

Ғалым бұл бастамасын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, жер сілкінісін болжауға мүмкіндік беретін жасанды интеллекті мейлінше дамытуға күш салады. Мәселен, математик бұл жолы зерттеудің дәстүрлі әдісіне шолу жасаған. Артықшылығы мен кемшілігін нақтылаған. Сөйтіп, өздерінің ғылыми зерттеуі үшін белгілі бір аймақты таңдап алыпты. Сосын кейінгі 100 жыл ішіндегі мыңдаған деректі жинақтап, қайта өңдеген.


Оқи отырыңыз: "Ғасырдан да ұзақ түн": Алматыдағы жер сілкінісі әлеуметтік желіде қалай көрініс тапты?



Талдау барысында бірнеше алгоритмді қолдануды жөн көрген. Сондай-ақ, қолда бар ақпарды толық зерделеу үшін оларды 20 жылдық интервалмен бөліп қарастырып, арасында белгілі бір маусымдық заңдылықтар бар екенін анықтаған.