Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында еркін стильдегі акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы синхронды секіру бойынша тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов олимпиада чемпионы Ци Гуанпу бастаған қытайлық спортшыларды жеңіп, Қазақстан тарихында алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль еншіледі.

Сонымен қатар спортшыларымыз 97.92 ұпай нәтижесімен Азия рекордын жаңартты. Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі. 

Еске салайық, бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.