Биыл жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмағандар былтырғымен салыстырғанда 24% көбейді. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Былтыр жол-көлік оқиғасы саны 9,4 мың болған. Көрсеткіш бір жылда 13,5% көбейді.

Жол-көлік оқиғасы ең аз болған өңір – Ұлытау облысы. Бұл жақта 42 жол апаты болса,  Атырау облысында 200, Қарағанды облысында жол апаты болған.


Оқи отырыңыз: "Күрек пен қазанға қақпақ жасау үшін": Қазақстандықтар жол белгілерін жаппай ұрлауға көшті.


Биыл республиканың 20 өңірінің онында жол-көлік оқиғасы көбейді. Статистикалық ерекшеліктерге байланысты, жаңадан құрылған Абай мен Жетісу облыстарынд жол-көлік оқиғасы көбейді.

Өңірлер бойынша Алматыда 2,2 мың адам, Алматы облысында 1,2 мың адам, Жамбыл облысында 1,1 мың адам жол апатынан зардап шекті.