Қазақстанда жеке деректерді қорғау талаптары күшейтілмек
Қазақстан жеке деректерді автоматты түрде өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы конвенцияға қосылу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.Қазақстанда жеке деректерді қорғау, сондай-ақ оны жинау және өңдеу шараларын сақтау талаптары күшейтілмек. Бұл туралы TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум барысында айтылды.
Симпозиум барысында ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке деректерді қорғау басқармасының басшысы Әділетхан Қабдеш азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздік деңгейі туралы айтты.
"Қазір Қазақстан жеке деректерді автоматты түрде өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы конвенцияға (108-конвенция, бұдан әрі - 108+) қосылу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Айтып отырғанымыз – шет мемлекеттермен жеке деректер алмасу, тіпті билеттерді сатып алған әуе жолаушыларының жеке деректерін алу. Оның ішінде, мысалы, Еуроодақ елдері де бар», – деді Әділетхан Қабдеш.
Аталған құжат осы конвенцияға қосылған елдердің аумағында деректерді заңсыз өңдеуге қатысты оқиғаларды тексеруге рұқсат береді