Биыл іске қосылатын "Жасыл ипотека" бағдарламасының талаптарына қазіргі таңда бір ғана тұрғын үй кешені сай келеді. Бұл туралы Отбасы банкінің өкілі Батыр Нұрболат мәлімдеді.

Жасыл ипотека – "жасыл стандартқа" сәйкес келетін тұрғын үйден сатып алу үшін берілетін жаңа тұрғын үй несиесі. Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында әзірленген. Оған табиғатқа зияны тимейтін құрылыс материалдарын пайдаланып үй салып жатқан компаниялар ғана қатыса алады. 

"Қазақстанда әзірге "жасыл стандартқа" сай, "Өмір" сертификаты бар бір ғана тұрғын үй кешені бар. Ол – Астанадағы Grand Victoria тұрғын үй кешені. Құрылыс компаниясы – Best building ЖШС. Осы жерден "жасыл ипотека" арқылы 1, 2 не 3 бөлмелі пәтерді "Жасыл ипотекамен" алуға болады, – деді Батыр Нұрболат. 

Ол "Жасыл ипотека" бағдарламасына қатысатын компаниялар саны алдағы уақытта артатынын айтып отыр. "Жасыл ипотека" бағдарламасына қатысушы құрылыс компаниясында ұлттық "Өмір", ресейлік "Р МЕМСТ", халықаралық Bream немесе Leed стандарттарына сәйкестік сертификаты болуы керек.


Оқи отырыңыз: "Жасыл ипотеканың" негізгі шарттары белгілі болды


Еске салайық, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау 4 қаңтарда басталды