Қазақстанда жарты жыл ішінде 80-нен астам баланы қаңғыбас ит талаған
Қайғылы оқиғалар Астана қаласы, Ақтөбе және Түркістан облыстарында болған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова иесіз иттерді бақылаудың бірнеше жолын ұсынды. Мәселен, дронды қолдану арқылы бұралқы иттердің шоғырланатын орындарын анықтап, үнемі бақылауда ұстау.
Екіншіден, мәслихат отырыстарында ветеринариялық қызметтерді қаржыландыру мәселесін көтеру. Ұшіншіден, сенім телефондары арқылы азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына жедел әрекет ету.
Оқи отырыңыз: Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазуда
Министрліктің өкілі жағдай ушықпай тұрғанда балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек екенін айтты.