Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізу жоспарланып жатыр
Еңбек министрлігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр.Қазақстанда харассмент пен сталкинг үшін жауапқа тартылады. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров айтты.
"Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі харассмент үшін жауапкершілікті енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта түзетулер мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр. Жақын арада бұл мәселе қаралады деп ойлаймын. Бұл заңды Еңбек министрлігі әзірлейді", – деді Ренат Зұлқайыров брифигте.
Бұған дейін Үкімет депутаттардың харассмент пен сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу жөніндегі түзетулерін қолдамаған болатын.
Нормалар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылданған заңға енген жоқ.