Биылдан бастап қарапайым нөмірлер үшін жүргізушілер 10 337 теңге төлейді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әдемі әрі "айналы" нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады. Мұндай соманы сіз 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді сандар үшін бересіз. Ал біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе – 716 248 теңгені санап бересіз.


Оқи отырыңыз: 200 мыңнан миллионға дейін: Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?


Жалпы, 001, 002, 003, 777 секілді нөмірлер елімізде ең қымбат болып саналады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады. Жалпы көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.