Қазақстанда ұлттық идеологиялық кешенді жоспар әзірленіп жатыр
Онда президенттің Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттерін іске асыру шаралары қарастырылған.Қазақстанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асыру үшін кешенді жоспар жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Кешенді жоспар қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға арналған 6 негізгі бағытты қамтиды:
- Тәуелсіздік және отансүйгіштік;
- бірлік пен ынтымақ;
- әділдік пен жауапкершілік;
- құқықтық тәртіп;
- еңбекқорлық пен кәсібилік;
- жасампаздық пен жаңашылдық.
"Жоспар әр сала бойынша еліміздің зиялы қауым мен белсенді өкілдерін ауызбіршілікке, жастардың рухани дамуына және бір ел болып жаңа ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және дәріптеуге негізделеді. Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралар аға буынды және жас ұрпақты, сонымен қатар зиялы қауымды ортақ мақсатқа жұмылдырады", – деді Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Президент: Қазақтың дәстүрлі діні – сунниттік бағыттағы ханафи мәзһабы