Қазақстанда сайлаушылардың үштен біріне жуығы дауыс беріп үлгерді
Орталық сайлау комиссиясы ел тұрғындарының дауыс беруі бойынша сағат 12.10-дағы ақпаратты жариялады.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 пайызы бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 33,58%;
- Ақмола облысы бойынша – 33,63%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%;
- Алматы облысы бойынша – 34,41%;
- Атырау облысы бойынша – 30,66%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61%;
- Жамбыл облысы бойынша – 35,82%;
- Жетісу облысы бойынша – 33,15%;
- Қарағанды облысы бойынша – 34,19%;
- Қостанай облысы бойынша – 37,39%;
- Қызылорда облысы бойынша – 32,78%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 32,43%;
- Павлодар облысы бойынша – 34,26%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81%;
- Түркістан облысы бойынша – 38,29%;
- Ұлытау облысы бойынша – 34,61%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 34,16%;
- Астана қаласы бойынша – 23,35%;
- Алматы қаласы бойынша – 11,25%;
- Шымкент қаласы бойынша – 19,63%.
Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да берілетін болады.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді
Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.