Қазақстанда құстардың ұшақтарға соғылуы бір жылда 58% төмендеді
Алматы, Шымкент, Астана және Түркістан қалаларында мұндай полигондар жойылды.Құстардың әуе кемелерімен соғылуы өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы 58% төмендеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Көлік прокуратурасы органдарының қадағалау актілері бойынша Көлік министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп авиақауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде.
Біріншіден, бұл әуе айлақтарының айналасындағы орнитологиялық жағдайды жақсартуға әсер етті. Үкімет бекіткен жол картасы шеңберінде Азаматтық авиация комитеті әуежайлақтар маңында құстардың жаппай жиналуына ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Бұл полигондардың орнын ауыстыруды және қоқыс үйінділерін жоюды қамтиды.
Қазіргі уақытта Алматы, Шымкент, Астана және Түркістан қалаларында мұндай полигондар жойылды, ал Орал және Балқаш қалаларында санитарлық аймақтан тыс жерлерге көшіріледі.
Сондай-ақ, құстарды қорқыту үшін пиротехникалық құралдар, биоакустикалық қондырғылар және электронды шулы жүйелері қолданылады. Енді авиакомпанияларға заң актілерімен құстардың әуе кемелерімен соқтығысуы туралы хабарлау міндеті жүктелді.
Оқи отырыңыз: Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесінде әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы 58%-ға төмендеді.
"Екіншіден, қауіпсіздікті арттыру үшін әуежайлар «соқыр» аймақтарды қоспағанда, бейнебақылаумен барынша жарақтандырылады. Оған қоса олардың орналасуы, техникалық сипаттамалары және басқа параметрлер бойынша бірыңғай стандарттар әзірленуде, олар командалық ұшу және жер үсті персоналының іс-әрекеттерін объективті бақылауды қамтамасыз етеді. Үшіншіден, әуе кемелерінің паркі жаңартылады, мұздануға қарсы сұйықтықтармен өңдеу бойынша арнайы машиналар сатып алынуда", – деп жазылған хабарламада.