Қазақстанда қой, жылқы және құс еті қымбаттады
Ет, құс және азық-түлік субөнімдерінің өндірісі 6,4% өсіп, 250,7 мың тоннаға жетті.Қазан айының қорытындысы бойынша, бір жыл ішінде тауық еті 10,7% қымбаттаған. Бұл осы жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Еnergyprom.kz сайты.
Өңірлер бойынша:
- Қостанай облысы – 4,1%;
- Түркістан облысы – 18,4%;
- Маңғыстау облысы – 16,6%;
- Шымкентте – 16,4% өсті.
Келесі өнімдер бәрінен көп қымбаттады:
- Қой мен құс еті – 15,7%;
- Жылқы – 11,2%;
- Шошқа еті – 8,7%;
- Сиыр еті – 8,6%.
Бағасы бойынша:
- Жылқы еті – 2 557 теңге;
- Қой еті – 2 399 теңге;
- Сиыр еті – 2 234 теңге;
- Шошқа еті – 1 808 теңге;
- Тауық етінің килограмы – 1 047 теңге.
Ет, құс және азық-түлік субөнімдерінің өндірісі 6,4% өсіп, 250,7 мың тоннаға жетті. Олардың ішінде 194,8 мың тоннасын үй құсы өнімдері, 55,9 мың тоннасын өзге жануарлардың еті құрады.
Үй құсы өнімдерінің 79%-ы үш өңірге тиесілі болды:
- Алматы облысы – 66,6 мың тонна;
- Ақмола облысы – 56 мың тонна;
- Шығыс Қазақстан облысы – 31,3 мың тонна.
Сондай-ақ, ет өнімдерінің жартысынан көбі де үш өңірге тиесілі:
- Ақтөбе облысы – 14 мың тонна;
- Қостанай облысы – 7,4 мың тонна;
- Павлодар облысы – 6,9 мың тонна.