Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі, деді мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов.

Қағидат аясында қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы ашылады. 

"Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында құрылатын уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жанындағы қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығына маңызды рөл берілген. Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақ ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді", – деп түсіндірді депутат.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тазы мен төбет иттердің жеке-жеке стандарттары әзірленеді


Айта кетейік, мәжіліс "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын талқылап жатыр.