"Қазақстанда қанша экс шенеунігіміз жүр?" Қырғыз депутаты Ақаевтың экс күйеу баласы Әділ Тойғанбаев туралы сұрау салды
Әділ Тойғанбаев 2017 жылы сырттай 20 жылға сотталған болатын.ТМД ұйымына қатысатын елдердің әріптестігін туралы келісімді талқылау кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты бас прокурордың орынбасарынан Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев туралы сұрады, деп хабарлады 24.kg.
Депутат Ырысбек Атажановты қызықтырған екі сұрақ – "Бас прокуратура аталған келісім аясында Әділ Тойғанбаевты Қырғызстанға қайтара ала ма?" және "Қазақстанда қанша экс шенеунігіміз жүр?" болды.
Басылымның жазуынша, бас прокурордың орынбасары Умуткан Конкубаева Құрманбек Бакиев ісі бойынша сұрауларын барын айтып, ал Әділ Тойғанбаев бойынша өзінде ақпарат жоғын айтып жауап берген.
"Егер оған қарсы қылмыстық іс қозғалған болса, біз конвенция аясында жұмыстар жүргіздік", – деп жауап берді Умуткан Конкубаева.
Еске салайық, Әділ Тойғанбаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның жары болған. Құқық қорғау органдары оны 2005 жылы халықаралық іздеуге жариялаған. Ал 2017 жылы Әділ Тойғанбаев сырттай 20 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз: Кыргызский суд заочно приговорил казахстанца Адиля Тойганбаева к 20 годам тюрьмы