Қазақстанда пойыздың қанша пайызында кондицонер бар?
Елімізде 2,1 мыңнан астам вагонда (бұл – автопарктің 78 пайызы) кондицонер орнатылған."Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері елімізде жолаушылар пойызы вагондарының қанша пайызында кондиционер бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Mgorod.kz жазды.
Олардың айтуынша, елімізде 2,1 мыңнан астам вагонда (бұл – автопарктің 78 пайызы) кондицонер орнатылған.
"Вагондардың 22 пайызында өндірушінің дизайнында қарастырылмаған. Мұндай көліктерде апатты жағдайдан басқа барлық кезде терезе ашуға болады. Кондиционер жоқ вагондар алдағы жылдарда қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тасталынады. Барлық заманауи вагон қазірдің өзінде кондиционерлермен жабдықталған", – делінген хабарламада.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025-2030 жылдар аралығында Қазақстанға 537 жаңа вагон келетінін мәлімдеді. Оларда кондиционер, бейнебақылау камерасы, экологиялық таза дәретхана, электр розеткалары және USB бар.