Қазақстанда пәтер жалдау құны 33 пайыз арзандады
Қазір Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр.5 қаңтарға қарай Қазақстандағы тұрғын үй жалдау бағасы қыркүйек-қазан айларымен салыстырғанда 33% арзандады. Басқа қалаларға қарағанда Оралда үй жалдау бағасы көбірек арзандаған, деп хабарлайды Krisha.kz сайты.
Тек Қостанай қаласында қыркүйекпен салыстырғанда пәтер жалдау бағасы 13,7% жоғары болып отыр. Ал қалған өңірлерде керісінше арзандаған:
- Орал – 52%;
- Петропавл – 50%;
- Ақтөбе – 47%;
- Астана – 36%;
- Алматы – 29%.
Оқи отырыңыз: "Жасыл ипотекамен" қалай үй алуға болады? 6 сұраққа жауап
Қыркүйек айының басымен салыстырғанда елде пәтер жалдау мөлшерлемесі қазір орта есеппен 2% жоғары. Бұған қарамастан Көкшетау, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау қалаларында баға қыркүйектегі деңгейден төмен. Алматы, Астана, Павлодар, Орал және басқа қалаларда 7% шегінде алшақтық сақталып тұр.
2022 жылғы желтоқсанда мөлшерлеме 6,3% төмендеді. Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларында айтарлықтай өзгеріс бар: – 9%. Астанада: – 5,3%. Өскемен мен Петропавлда 4 пайызға дейін төмендеді.
5 қаңтарда Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр. Минимум – 2,4 мың – Ақтөбеде, максимум – 5,7 мың – Алматыда.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Жасыл ипотека" бағдарламасына бір ғана тұрғын үй кешені сай келеді