Қазақстанда мереке күндері пиротехника пайдаланған 63 адам жарақат алды
12 адам ауруханаға жатқызылды.
Жаңа жылдық мереке күндері пиротехника пайдаланған 63 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары.
Жапа шегушілерің 20-сы бала.
Алматы қаласында 19, Жамбыл облысында 11, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында алты адамнан, Ақтөбе облысында екі, Ақмола, Қызылорда, Атырау мен Шығыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарының әрқайсысында бір адамнан дәрігерлер көмегіне жүгінген, – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, түрлі деңгейдегі жарақат алған 12 адам ауруханаға жатқызылған.