Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тәулігіне 4 мыңға жетуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, сырқаттану тамыз айында артады деп күтіледі.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Covid-19 сырқаттану болжамын баяндады. Оның сөзінше, Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артқан.
"Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне – 4 000 науқасқа дейін, реалистік сценарий бойынша – 2 500 науқасқа дейін, оптимистік сценарий бойынша 1 000 науқасқа дейін күтіледі", – деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен сырқаттану тамыз айында артып, тамыздың аяғы мен қыркүйекте төмендейді деп күтіледі.
Оқи отырыңыз:
- "Коронавирус жас талғап жатқан жоқ". Қазақстанда вирустың қандай штамдары таралған?
- Тоқаев коронавирусқа қатысты шектеу енгізу туралы: Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал
- Алматыда Pfizer екінші екпесін қайдан алуға болады?