2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырылады. Үкімет азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді, деп хабарлады Primeminister.kz сайты. 

Көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. 

Тіркелу үшін: 

  • өтініш; 
  • ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі; 
  • техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.  

Оқи отырыңыз: Қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді тек Қазақстанда жүргізуге рұқсат етілмек


"Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді eGov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады", – делінген Үкімет хабарламасында. 

Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.