Ведомство өкілдері медициналық анықтамалар мен дайындық курсынан өткенді растайтын куәлікті электронды нұсқаға көшіруді қарастырып жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Енді ешқандай рұқсаты жоқ болса да, жер-жерде жүргізушілерді дайындайтын жеке нұсқаушылардың қызметін тоқтату көзделуде. Бұл жүргізушілерді көлік басқаруға дайындайтын кәсіби орталықтардың сапалы қызметіне жол ашады. Мамандар осындай шара қолдану арқылы жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік туатынын айтуда.