Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді. Яғни, қаңтар-наурыз айларында өтініш бергендер саны өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға азайған, – деп хабарлады krisha.kz.

Ұлттық банктің жүргізілген сауалнамасы нәтижесінде ипотекаға сұраныстың төмендеуі ірі банктерде орын алғаны анықталды.

"Банктер мұны "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемнің өсуімен байланыстырады. Сондай-ақ, әр жылдың басындағы маусымдық фактор да бұған әсер етіп отыр", – деп атап өтті ұлттық банк.

Банктерде несие беру шарттары пайыздық мөлшерлеменің өсуіне байланысты күшейтілген. Ал ірі банктерде кепілге қойылатын талаптар азайған.