Қазақстанда ғылымнан кеткен зерттеушілер саны 6 жылда қалай өзгерді? Инфографика
2021 жылы ғылымнан кеткен зерттеушілер саны бірден 44 пайызға артқан.Қазақстанда ғылым саласына қадам басқан ғалымдар саны соңғы алты жылда 18,5% артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы олардың саны – 3 392, ал 2021 жылы 4 164 маманды құрады.
Ғылым саласына қабылданған зерттеуші мамандар саны:
- 2016 жылы – 3 392;
- 2017 жылы – 3 896;
- 2018 жылы – 3 985;
- 2019 жылы – 2 804;
- 2020 жылы – 4 703;
- 2021 жылы – 4 164.
Алты жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2021 жылы ғылымнан кеткен зерттеушілердің саны 840 маманға көп. Көрсеткіш алты жыл ішінде 27 пайызға артқан. 2019-2020 жылдары зерттеушілердің ғылымнан кету үлесі бәсеңсігенімен, 2021 жылы көрсеткіш күрт артып, 3 147 адамды құрады. Бұл – соңғы алты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
- 2016 жылы – 2 307;
- 2017 жылы – 2 176;
- 2018 жылы – 2 075;
- 2019 жылы – 1 572;
- 2020 жылы – 1 770;
- 2021 жылы – 3 147.
Оқи отырыңыз: Ғалым Мәншүк Жексембекова: Қазақстанда күнделікті тағамға жаңғақ қосу мәдениеті қалыптаспаған