Қазақстанда бүркітші қыз Айшолпан туралы фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті
Туынды Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына енді.Бүгін Қазақстанда "Бүркітші қыз – Айшолпан" деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Айшолпан Нұрғайыпқызының өмірі туралы фильм осы уақытқа дейін шетелдік кинотеатрларда көрсетілген еді, деп хабарлайды SDU баспасөз қызметі.
Туынды 2014 жылдың шілде айынан бастап екі жарым жыл ішінде түсірілді. Фильмде бүркітшілік өнері туралы ғана емес, қазақтың салт-дәстүрі, әке мен бала арасындағы тәрбие баяндалады.
Фильмнің режиссері – Отто Белл, ал продюсері әрі дыбыстаушысы Дейзи Ридли болды. Туындының негізінде анимациялық фильм жасау құқығы 2 миллион долларға бағалан болатын. Бұл құқық аясына, сондай-ақ, әлемнің бірқатар еліне тарату мүмкіндігі де кірді.
13 жасар қыздың өмірін арқау еткен деректі фильм Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына енді.
Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?