Қазақстанда 292 санитарлық-гигиеналық торап жетіспейді
Биыл еліміз бойынша 183 сыртқы дәретхана орнату жоспарланған.Қазақстанда 292 санитарлық–гигиеналық торап жетіспейді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл республика бойынша 183 сыртқы дәретхана орнату жоспарланған. Ең көп тапшылық Қостанай, Түркістан облыстарында тіркелген.
"Қостанай облысына жаңадан 52, ал Түркістан облысына 50 санитарлық-гигиеналық торап қажет. Сондай-ақ, Ақмола (31), Алматы (39) , Ақтөбе (26) мен Батыс Қазақстан (23) облыстарында қажеттілік бар" – делінген ақпаратта.
Айта кету керек, өткен жылы еліміз бойынша 53 санитарлық-гигеналық торап, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарына орнатылды.
Жалпы санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату, олардың жұмыс сапасын қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселелеріне әкімдік жауапты.
Оқи отырыңыз: Екі жылда 1600 мектеп дәретханасы салынып, іске қосылды