Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер бар. Зейнетақының орташа мөлшері қандай?
Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленген.
Соның ішінде базалық зейнетақы – 487,5 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 триллион 61,8 миллиард теңге.
"2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге", – делінген хабарламада.
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.