Ашық НҚА порталында "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болмақ.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған төлемдердің 9% ұлғаюын ескере отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне қаражат қарастыру жоспарлануда.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған ақшалай өтемақының ай сайынғы мөлшері әскери қызметшілерге (жедел қызметтегі әскерилерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне 3 739 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Құжатты қоғамдық талқылау 4 қыркүйекке дейін жалғасады.


Оқи отырыңыз: "Зейнет жасында ағылшынша оқып бастағандар бар". Ұзақ өмір сүрудің құпиясы не?