Қазақстанда 20 қыркүйектегі доллар бағамы қандай
Доллардың 20 қыркүйектегі ресми бағамы - 478,93 теңге.Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге көтеріліп, 479,05 теңге болды. Доллардың 20 қыркүйектегі ресми бағамы - 478,93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478,81 теңгеге, сату бағамы 480,22 теңгеге тең. Ал, Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,03 теңгеден сатып алынып, 481,02 теңгеден сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,02 теңгеге көтеріліп, 478,93 теңге болды.