Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 172 сауықтыру ұйымы тіркелген. Оның ішінде 109 санаторий, 27 оңалту орталығы, 9 профилакторий, 9 мамандандырылған және басқа да санаторийлар бар.

"Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі, яғни, 127-сі жекеменшік, 42-сі мемлекеттік, 3-еуі шетел меншігінде. Қала аумағында 66, ауылдық жерде 106 шипажай орналасқан"– делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда жыл сайын 3 денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді


Өңірлерде курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.

"Түркістанда 72 ұйым жұмыс істейді. Ақмола облысында – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орыны бар" – делінген хабарламада.