Қазақстанда 166 700 шетел азаматы тұрады
Қазақстанда тұратын шетел азаматтарының дені жақын мемлекеттерден келген.Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, қазір ел аумағында 80 606 Ресей, 3147 Украина, 752 Беларусь азаматы тұрақтаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ресейліктер еліміздің солтүстік және орталық облыстары мен Алматы қаласына көп қоныстанса, Украина азаматтары тұрғылықты жері ретінде Алматы, Астана қалалары және Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарын таңдаған. Ал беларусь халқы Қарағанды, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларында тұрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді
Жыл басынан бері 20 мың 900 адам Қазақстан азаматтығын алыпты. Олардың көбі Ресей азаматтары. Ал еңбек министрілігінің дерегінше, 12920 шетелдік ресми түрде Қазақстанда жұмысқа орналасқан. Олардың 412-сі Украина азаматы. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Ресей мен Беларусь мемлекетінен келген 40 мыңнан астам адам елімізде еңбек етіп жүр екен.